02
наурыз
2020
Мектепалды даярлық "Ертөстік" тобы. 8-Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік. Тақырыбы : "Шуағын шашқан аялы алақан" Тәрбиешісі: Ахметова Мадина Серикқызы
Сәлеметсіздер ме, құрметті , ақ жаулықты әжелер, асыл Аналар, қызғалдақтай, қадірлі ұстаздар, құлпырған қыздар!Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келді. Бәйшешек нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарса,ал біздің асыл аналарымыз да, соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!