ата-аналармен жүргізілетін сауалнамалар » КГКП "Ясли сад №136"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№136 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 268-02-41
Әдіскер:
+7(727) 230-99-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ата-аналармен жүргізілетін сауалнамалар
12
қыркүйек
2018

ата-аналармен жүргізілетін сауалнамалар

КМҚК « № 136 бөбекжай-балабақшасы»






                                      


Сауалнамалар









                                               Әдіскер : Қалдыбаева Н.О.

                                                Педагог-психолог : Мадыбекова Б.К.

                                                          

                                                        

                   


 
 


Тренинг.Дөңгелек үстел тақырыбы: “ КЕЛ, ТАНЫСАЙЫҚ ! ”


Мақсаты: Психологиялық тренинг ережелерімен танысу, қатысушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату, достық пен сыйластыққа баулу.

Қолданылатын құралдар:

  1. Баяу музыка;
  2. Үлестірме қағаздар;
  3. Арқан немесе жіп;
  4. Ағаштың суреті;
  5. Қағаздан қиылған жүректер;

І. Ұйымдастыру кезеңі /Кіріспе бөлім/

  • Тренингтің қатысушыларын шеңбер жасап тұрғызу;
  • Баяу музыка қойып, қатысушылар қол ұстасып 1 минут алақандар арқылы жылы ипульстер жібереді;

ІІ. Негізгі кезең

1 – ойын: “Адам есімі және қасиеттері”

Оқушылар шеңберде тұрып бір-біріне доп лақтыру арқылы өздерінің есімін атап және сол есімінің бірінші әріпіне сәкес өзінің бойындағы жақсы қасиетін айтады.

Мысалы:

-- Жанерке – жайлы;

-- Заңғар – зерек;

-- Гүлжаз – гүлдей көңілді;

-- Дильназ – достыққа берік;

-- Таңнұры – тапқыр;

2 – ойын: “Кәне, ары қарай танысайық !”

Бұл ойында қатысушыларға жеке – жеке үлестірме қағаздар таратылады. Берілген үлестірме қағаздағы тапсырманы жылдам орындап беру керек.

  1. Өзін-өзі мақтау;
  2. Өзіне-өзі сын айту;
  3. Өзін-өзі өсімдікке теңестіру;
  4. Өзін-өзі көлікке теңестіру;
  5. Өзін-өзі тағамға теңестіру;
  6. Өзін-өзі сусынға теңестіру;
  7. Ең әдемі қатысушы туралы пікірін айту;
  8. Ең пысық қатысушы туралы пікірін айту;

3 – ойын: “Сиқырлы шеңбер”

Ортаға арқаннан шеңбер жасалып, қатысушылар орындарына отырады. Жүргізуші психолог қатысушыларға көбірек кездесетін заттарды немесе қасиеттерді айтады. Кімге сол аталған заттардың және қасиеттердің қатысы болса жылдам ортадағы шеңберге тұра қалады.

Енді осы шеңберде тұрған қатысушыларға берілген сөздерді іс – қимылмен көрсету ұсынылады.

  • Кімнің сағаты бар ?
  • Кімнің сақинасы бар ?
  • Кім шалбар киген ?
  • Көлікті қалай жүргіземіз ?
  • Жел тұрғанда талдар қалай қимылдайды ?
  • Суда балықтар қалай жүзеді ?



4 – ойын: “Жылы тілектер”

Әр қатысушыға қағаздан қиылған “жүректер” беріледі. Сол жүректерге бір-бір жылы тілектер жазып, интерактивті тақтаның ортасындағы салынған үлкен жүрекке сол жазған тілектерін жазады.

ІІІ. Қорытынды кезең. Тренингті аяқтау жұмысы.

Қатысушыларды шеңберге жинап, естелікке сол “жүректерді” қалдырып, жалпы алғыс айтылады.

             


















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив