04
ақпан
2020
Дәстүрден тыс ұйымдастырылған оқу қызметі. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Сурет салу Тақырыбы: "Қыс мезгіліндегі ағаш көрінісі" Ортаңғы "Алтынай" тобында, тәрбиешісі : Мұхамеджанова А.М.
Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікіелей байланысты. Ақыл - ойы кем дамығаң балалармен ұсақ моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойындарын ойнап тұрған жөн. Ойындар арқылы баламен қарым-қатынасты нығайтып,баланың өз-өзіне деген көз қарасын өзгертіп,ойынға, оқуға деген ынтасын көтеру. Сөйлеу тілін жетілдіру. Қимыл-қозғалыс қабілетін арттыру. Икемділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Танымдық деңгейін арттыру.