"Жеңіс рухы-ұрпаққа үлгі" » КГКП "Ясли сад №136"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№136 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 268-02-41
Әдіскер:
+7(727) 230-99-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жеңіс рухы-ұрпаққа үлгі"
05
мамыр
2025

"Жеңіс рухы-ұрпаққа үлгі"

"Жеңіс рухы-ұрпаққа үлгі"








Жеңіс рухы – ұрпаққа үлгі
 статьи 0 29 07.05.2025

Аудандық семинар – тағылым мен тәрбиенің тоғысы.

Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарасты №136 бөбекжай-балабақшасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс рухы – ұрпаққа үлгі» атты мазмұнды аудандық семинар өтті. Ел тарихындағы ең ұлы ерлікті дәріптеп, жас ұрпақтың бойына патриоттық рух сіңіру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара жоғары деңгейде өтті.
       

Семинар Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  Әнұранымен  ашылып,  Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Сол бір сұрапыл жылдардың жаңғырығы жиналған жандардың жүрегіне ерекше әсер етті.

Семинарға Алматы қаласы Әуезов ауданының Білім бөлімінің әдіскері Ногайсарина Г.Ж, ауданға қарасты мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен тәрбиешілері қатысты. Көпшілік жиынды балабақша меңгерушісі Кунаева Кызжібек Биляловна алғысөзімен ашып, Жеңістің мәні мен маңызы, бүгінгі ұрпақтың міндеті жайлы айта кетті.


Семинардың мазмұны ерекше болды. Балабақша педагогтері мен тәрбиешілері өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық әндер мен әсерлі көріністер арқылы келген қонақтарға рухани әсер сыйлады. Әсіресе, «Мықтылар марафоны» атты спорттық сайыс семинардың көркін аша түсті. Қатысушылар тек дене шынықтырумен ғана шектелмей, ұжымдық бірліктің, жеңіске деген жігердің үлгісін көрсетті. Сайыс жеңімпаздары мадақтамалармен марапатталып, әр қатысушының еңбегі ескерусіз қалмады.

Іс-шара соңында еркін пікір алмасу өткізіліп, қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Тәрбиелік мәні терең, мазмұны бай бұл семинарды ұйымдастыруда балабақша меңгерушісі Кунаева Кызжібек Биляловна, әдіскер Асан Гүлмира Асанқызы және балабақша ұжымы музыка жетекшісі: Бейбитханова Айдана Бекенкызы, қазақ тілі мұғалімі: Толеуканова Айнұр Толеуханқызы, дене тәрбиесі мұғалімі:Ізжанов Данияр Іскендірұлы, тәрбиешілер: Мүтәлиева Лейла Рахматуллақызы,

Оразбаева Гульбану Кудабаевна, Айткулова Майра Агыбаевнам Тулеубаева Жазира Амангелдиевна, Уразгалиева Айзия Болатовна үлкен жауапкершілік пен жанашырлық танытты.

«Жеңіс рухы – ұрпаққа үлгі» атты аудандық семинар – өткеннің өнегесі мен бүгінгі буынның сабақтастығын жалғайтын, елжандылық пен бірлікті ұлықтайтын тағылымды шара болды.


Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№136 бөбекжай-балабақшасы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив