23
желтоқсан
2024
Құрметті ата-аналар!

Сіздер тек көрермен болып қана қоймай, олардың ертегідей әлеміне кіріп, бірге рөл ойнап, мерекенің нағыз жұлдыздарына айналдыңыздар. Осындай іс-шараларға қатысу арқылы балаларымыздың жүрегіне сенім, шабыт және ата-аналық махаббаттың шексіз екенін сезіндіресіздер.
Сіздердің уақыттарыңызды бөліп, өздеріңіздің шығармашылығыңызды, жылулықтарыңызды ортаға салғандарыңыз үшін үлкен алғысымызды айтамыз. Сіздердің қолдауларыңыз бізге де, балаларға да баға жетпес демеу.
Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға шаттық пен береке, ал балаларыңызға әрқашан биік белестер мен сәттіліктер тілейміз! Әрдайым осылай бірге болып, қуанышты сәттеріміз көп болсын!
Рақмет сіздерге!


























